Құрметті Әсия Әйіпқызы! Сізді 75 жасқа толған мерейлі белесіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз – халқымыздың сөз өнеріне жан-тәнімен берілген, айтыс әлемінде айшықты ізі қалған дара тұлғасыз.
Сіздің айтыстағы әрбір сөзіңіз – ұлттың үні, жырларыңыз – жүректен шыққан шындық.
Айтыс аламандарында топ жарып, қазақтың рухын асқақтаттыңыз.
Халық ақыны атағыңыз – елдің Сізге деген құрметінің, өнеріңізге деген сүйіспеншілігінің айғағы.
Сіз – Қазақстанның мәдениет саласының үздігі, Халық ағарту ісінің үздігі, Қостанай облысының Құрметті азаматы ретінде де елге еңбегі сіңген ұлағатты жансыз.
Осы мерейлі жасыңызда Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық, баянды бақыт тілейміз.
Жырларыңыз ұрпаққа өнеге, сөзіңіз – елге мұра бола берсін!
Құрметпен,
Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығы