Хореограф Ерсін Жүсіпов 76 жаста болса да әлі күнге дейін балаларға би үйретумен келеді. Өнер үшін, өнерлі ұрпақ үшін ішкен асын жерге қойған қарт биші Қостанай педагогикалық институтының химия-биология пәнінің мұғалімі болған. Қазір Ерсін Жүсіпов Астанада тұрып, әлі күнге дейін балаларды биге үйретіп келеді. "Өнер – жүректен шығатын дүние. Сол үшін де жүрекпен қабылдануы керек", – дейді ол.