Құрметті Серікбай ағай! Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің жүректерді тербеткен жырларыңыз бен елдің аузында жүрген әндеріңіз халқымыздың рухани қазынасына айналды. Өмірдің әрбір сәтін өлеңмен өрнектеп, тыңдарманға шынайы сезім сыйлап келесіз.

Сіздің қаламыңыздан туған әрбір туынды – өмірдің өз бояуы, көңілдің күйі, халықтың жүрек лүпілі. Шығармашылығыңыздың шуағы сөнбесін, әлі де талай тың туындыларыңызбен қалың жұртты қуанта беріңіз!
Деніңізге саулық, шығармашылығыңызға шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз!
Құрметпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы.