Құрметті театр өнерінің майталмандары! Облыстық халық шығармашылығы орталығы сіздерді 27 наурыз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтайды!

Театр – халқымыздың рухани айнасы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Сіздердің әрбір қойылымдарыңыз көрермен жүрегіне жол тауып, өнердің шынайы құдіретін паш етеді. Театр сахнасында туған кейіпкерлеріңіз, жеткізген ойларыңыз, өнерге деген адалдықтарыңыз – халқымыздың мәдени қазынасын байыта түсуде.
Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін, көрермендеріңіз көбейіп, әрбір қойылымдарыңыз сәтті өтсін! Жаңа биіктерді бағындырып, театр әлемінде жарқырай беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығы