Күн менен түнім теңелдің,
Түрленіп далам көгердің.
Шуақтан төккен айналдым,
Табиғат -ана шебердің.
Қайырмасы:
Өзен-көл мөлдір сарқырар,
Жұлдыздай далам жарқырар,
Жетем деп жел де алқынар,
Көктемге келген жан құмар.
Бірлікке бекем талпынар,
Мейрімді тұтас халқы нар.
Дүбірлі, думан , ән-тұмар,
Наурыздың нұрлы даңқы бар.
Жайқалып жасыл тұр құрақ,
Бала жүр асау жылқыны ап.
Уызы ұлттың ұйыған,
Қазанда көже бұрқырап.
Бұл күнге тәубе жеткенге,
Салауат дейміз өткенге.
Арнаймыз әсем ән-жырды,
Жаңа жыл басы – көктемге.