Құрметті әріптестер, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер өмірдің сәні мен мәні, отбасына береке, қоғамға көрік, өнерге шынайы шабыт беруші жандарсыздар. Әсем әуен мен жырды, би мен көркемсөзді дәріптеп, халқымыздың мәдени мұрасын сақтауда, жаңғыртуда және дамытуда қосып жүрген үлестеріңіз өлшеусіз.
Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңізге тәнтіміз. Жан жылуларыңыз бен көркем өнерлеріңізді ұштастыра отырып, халқымыздың мәдени өмірін жарқын етуге қосқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге шынайы құрмет көрсете отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт пен табысты қызмет тілейміз! Жүректеріңіз әрдайым көктемдей жайнап, өмірлеріңіз шуақты сәттерге толы болсын!
Құрметпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы