#REPOST @qumaraqsaqalov 📍 Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді Алғыс айту күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Бұл мереке – мейірімділік, құрмет және бірліктің символы. Ол бізге бейбітшілік пен келісімнің құндылығын, бір-бірімізге қолдау мен өзара көмегі үшін алғыс айтудың маңыздылығын еске салады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы бірлікті нығайтуда, өзара түсіністік пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып келеді. Оның қызметінің арқасында барлық этностардың тілі, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға қолайлы жағдай жасалып, қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде нығайып келеді.
Мемлекет басшысы жариялаған Еңбек адамы жылы аясында біз қарапайым еңбеккерлерге – еліміздің өркендеуінің негізі болып табылатын жандарға құрмет көрсетеміз.
📌 Этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері мен ардагерлердің қатысуымен салтанатты шара өткіздік. Бұл жиында өңірімізде достық, тұрақтылық және игілік нығаюына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттадық.
Бірлік – біздің басты құндылығымыз! Әр шаңыраққа бейбітшілік, береке және келісім тілеймін!
Мереке құтты болсын!