Ақпандатқан боранда дүниеге келген, от ауызды, орақ тілді айтыскер апамыз Әлпия Орманшина бүгін мерейлі 70 жасқа толып отыр!
Халқымыздың сөз өнерін биікке көтеріп, талай додада суырылып алға шыққан, отты да сырлы жырларымен елдің жүрегін тербеген апамыздың мерейлі белесі – барша қазақ үшін үлкен қуаныш.
Осы айшықты күнде сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шалқар шабыт тілейміз! Өзіңіздей дарабоз тұлғалардың өнегесі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болсын! Жүз жасаңыз, асыл ана, ардақты ақын!