Құрметті Дәмер Қалқаев мырза!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің мәдениет саласына сіңірген еңбегіңіз, өнер мен шығармашылықты дамытуға қосқан үлесіңіз орасан зор. Көреген басшы, талантты ұйымдастырушы ретінде ел игілігі үшін жасап жатқан еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс және отбасыңызға амандық тілейміз. Өнер жолындағы ізгі бастамаларыңыз жалғасын тауып, жаңа жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!
Ізгі ниетпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы