Белді актриса, ҚР Мәдениет қайраткері Шара Мүсілқызы мерейлі 70 жасқа толып жатыр. Осы күнге орай І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма тетатры «Бір түп алма ағылшы» драмасын қойды
Қойылым Шара апайдың 70 жас туған күніне арнайы орайластырылды. Басты рөлді мерейтой иесі ойнап, көрерменін қуантты.
Спектакль аяқталған соң өнер сүйер қауым, әріптестері Шара Мүсілқызын құттықтап, лебіздерін білдірді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев аудан, қалалардағы театр жанырында өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар атынан құттықтап, сөз сөйлеп алғысын білдірді.