Әулиекөлдік «Шабыт» театры өнер сүйер қауымды жаңа қойылымымен қуантып, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында алғаш рет қойылым берді
Бұл қойылым тек шығармашылық жеңіс емес, сонымен қатар қоғамға арналған терең әлеуметтік үндеу.
Қойылымның басты тақырыбы – қазіргі заманның күрделі мәселелерінің бірі – тәуелділікпен күрес. Құмар ойындарға әуестік пен нашақорлық сияқты қоғамды күйрететін жайттар спектакльдің негізгі желісіне айналған.
Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының ыдырауы, өмірдің мәнінен айырылу сынды сәттерді жеткізуге тырысқан.
Бұл ерекше қойылымды дайындауға мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен оқушылар жұмыла кіріскен.
Аулиекөл ауданы әкімдігі «Шабыт» театрының жұмысын алғашқы күндерден-ақ қолдап келеді.







