altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
АҚЫНЖАНДЫ ЕҢБЕК АДАМЫ
17.01.2025
541
0
Ғалымгерей Кенжеғозиннің есімі өңір халқы үшін айтыскер ақын ретінде жақсы таныс. Ол талай додада өз шеберлігін көрсете білген, тыңдарман жүрегіне жол тапқан, көптеген айтыстардың жеңімпазы. Суырып салма ақын болса да, оның өмірі тек өнермен шектелмейді. Ол еңбек адамы ретінде де үлгілі. Өнер мен еңбекті біріктіріп, өндіріс саласында да, шығармашылықта да сан қырынан танылып жүр.
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытуда кәсіптік білім беруді реформалаудың маңызын атап өтіп, 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуында үлкен мәнге ие. Өйткені жұмысшы мамандықтары – ел экономикасын дамытудың негізі болып табылады. Ғалымгерей Кенжеғзин секілді өнер мен еңбек арасындағы үйлесімді тауып жүрген адамдар осындай мамандықтардың маңыздылығын арттырады.
 
Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі ерекше. Ғалымгерей Кенжеғозин өзі еңбек етіп жүрген Соколов-Сарыбай кен байыту өндірісінде табысты жұмыс істеп жүрген азамат. Оның айтуынша, өнер мен еңбек – адамның маңызды тірегі. Еңбек адамының қоғамда алатын орны зор. 
 
Президент: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», – деген еді.
 
«Мен Жанкелдин ауданының тумасымын. Бала кезімнен еңбекке араласып өстік. Біздің ауылда 22 отар қой болатын. Жаз мезгілінде қозы суаруға баратынбыз. 12 жасымнан бастап отарлардың жем-шөбін дайындайтын бригадада тракторшының көмекшісі болдым. Оқу бітірісімен ала жаздай шөп шабатынбыз. Таңертең алакеуімде оятып алады, содан күн батқанша тырмада отырасың. Кеңес үкіметі құлаған жылдары өзіміздің шаруашылықта жұмыс істедім. Қой бағу, болмаса шөп шабуға көмектестім. 1997 жылдың көктемінде әскер қатарына алынып, елге келген соң Рудный қаласына қоныс аудардық. Содан бері әр салада жұмыс істедім. Бүгінде Соколов-Сарыбай кен байыту өндірісінде жұмысқа тұрып, тұрақтадым», – дейді Ғалымгерей Кенжеғозин.
 
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын ақын жігіт өз мамандығы бойынша еңбек еткісі-ақ келеді. Әттең, бұл саланың айлығы шайлығына жете бермейтіні көңілге кірбің салады. Жігіт ағасы қарап қалмады, кен орнына жұмысқа тұрды. Ал өнерді ешқашан тастаған емес. 
 
«Өндірістік немесе өзгеде салаларда еңбек ететін өнер адамдарына қолдау көрсету қажет. Біздің облыста жылына екі-үш рет ақындар айтысы өтеді. Сол додаға қатысар кезде ғана аудан, қалалардың намысын қорғауға мені іздеп қалатыны налытады. Қала, аудандардың мәдениет үйлерінде айтыскер ақын деген штат ашылса деп ойлаймын. Сол елді мекеннен қатысатын өнерпаздардың басын қосып, дайындап, тәрбиелер едім. Айтыс пен термешілер сайысына жастарды баптар едім, – деген ішкі қынжылысын да жасырмады. – Еңбек өз алдында ер жігітке кәсіп, бала-шаға жағдайын жасау парызың. Өйткені жауапкершілігі сенің мойныңда. Ал өнерге келетін болсақ, бойға қанмен берілетін дарындылық деп білемін. Өнер жолында да еңбектену керек, ізденіссіз алға қойған мақсаттарға жету қиын. Еткен еңбегіңе ұқыпты болып, жұмысыңды жақсы көңіл-күймен жасау керек деп ойлаймын. Себебі жасаған жұмысыңа бар өнеріңді салсаң, еңбегіңнің жанғаны».
 
Айтыс өнеріне деген ықыласы мен еңбекке деген құрметі – қоғамның екі маңызды құндылығын біріктіруге деген ниетін айқын көрсетеді. Өнер мен еңбек, шығармашылық пен өндіріс, білім мен тәжірибе арасындағы теңгерімді сақтау – болашақ ұрпақ үшін маңызды. 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру