Бұл жыл несімен маңызды әрі келер жылдан не күтесіз?
Биылғы жыл мен үшін жағымды, берекелі жайлы жыл болды, көп өзгерістер, жақсы жаңалықтарымен қуантты.
Жұмыс барысында көп іс- шаралар, күнтізбелік мейрамдар өз деңгейінде, берекелі жүзеге асты, көш басын көшпенділер ойындары бастап, өркениетті бас қалада аталып өтті.
Қостанай облысы көзге түсті, жақсы нәтижекөрсетті. Жыл жақсы жетістіктермен аяқталды. Жеке өз отбасымда жаңа пәтер иеленіп, қоныс той жасап, мәз мейрам болып, әріптестеріміз дастархан басына жиылып, ақ тілектерін жаудырып жатты. Үлкен балам жаңа үйге келін әкелді, ене атандым, інім жаңа темір тұлпар мініп қуантты.
Жыл соңында халық шығармашылығы орталығының басшысы еңбегімді бағалап дипломмен марапаттады. Айта берсек жаңалықтар мұрағаты өте көп.
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын қазақ елі!🥳🎉🎄