Бұл жыл несімен маңызды әрі келер жылдан не күтесіз?
2024 жыл түрлі іс-шараларға толы. Соның ішінде Ұлттық домбыра күніне арналған шеруге аудан, қала тұрғындары атсалысып, домбыра үйреніп, өнер көрсетуге талпынды. Мені түрлі ұлт өкілдерінің патриоттық сезімге толы жігерлері қатты толқытты. Осы іс-шараның арқасында облыстағы домбырашылар саны өсті. Қуантарлық керемет жағдай!
Отбасымда да қуаныш болуда. Ұлым үйленем деп, жазда ойламаған жерден той тойладық.
Жаңа 2025 жылда барша қауымға амандық, жақсылық, қуаныш, табыс тілеймін. Ұжымға ауызбіршілік, жаңа жобалар мен шығармашылық шабыт тілеймін. Еліміз аман, халқымыз тыныш заман болсын!