Тәуелсіздік-әр Қазақстан үшін бағалы, Тәуелсіздік-әр қазақ үшін маңызды. Отанымыздың басты байлығы ол, Тәуелсіздік. Азат күнді аңсаға халық үшін жан қиған желтоқсан жұлдыздары мәңгі елімізде. Бүгінгі күні желтоқсан құрбандарын еске ала отырып Тәуелсіздік күнін атап өтудеміз. Отанымыз орнығып, Қазақстанымыз қарқындап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болды. Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың тарихы түгенделді. Мемлекеттің ұлттық салт-дәстүрі жанданды. Бұл да біз үшін жетістік. Олай болса, ел мерекесі, Тәуелсіздік күні құтты болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, Қазастанымыз ғұмырлы болсын!

Құрметпен,
Мұрат Нағашыбай,
түрлі жобалардың жетекшісі, жүргізушісі,
облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері