Бұл күн – ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып, азаттықтың ақ таңы атқан қасиетті күн.
Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміз сан салаларда зор жетістіктерге жетіп, бейбіт өмір сүруде. Егемендігіміздің тұғыры берік, болашағымыз жарқын болғай!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен бірлік тілейміз.
Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!
Мереке құтты болсын!