Облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы Қостанай облыстық филармониясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтайды!

80 жылдық тарихы бар Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жетістігі мол, олжасы орасан, өнерді өрістетудегі мақсаты биік.
Іргелі өнер ордасы төл мәдениетіміздің алтын діңгегіне айналды. Өнердің өрісін кеңейтіп, оны жер жүзіне танытып келеді.
Филармония ұжымын бүгінгі мерейтоймен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!