Астана қаласында "Төрлет, еңбек адамы!" атты республикалық "Алтын домбыра" ақындар айтысы салтанатты түрде шымылдығын түріп, түндігін жерлесіміз, танымал журналист, ардагер, ғасыр куәгері Қасымхан Алдабергенов атамыз өзінің мазмұнды арнауымен ашып берді
Өткір тілмен өрнектелген арнау ел жүрегіне жетіп, жастарға өнеге боларлық. Ақсақалдың арнауын Ақтөбе, Қызылорда, Талдықорған өңірлерінен келген жас ақындар іліп әкетіп, ұрпақтар сабақтастығымен үндесті.
Ұйымластырушылар сахна төрінде өнер көрсеткен атамызды құрметтеп, иығына шапан жауып, алғысын білдірді.
Айтысқа барлығы 14 ақын қатысып жатыр. Олар Жүрсін Ерманның шәкірттері, сөздің құдіретін түсінген жүйріктер. Ақындардың өнерін бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылып, айтыс өнерінің тарланы Жүрсін Ерман өзі сол қатарда отыр.
Айтыстың нәтижесі мен жеңімпаздар есімі алдағы күндері белгілі болады. Жыр додасын алдағы уақытта ұлттық арнадан көре аласыздар.




