Облыстық халық шығармашылығы орталығының белді қызметкері Мұрат Нағашыбайды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұрат – облыстық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, шебер жүргізіп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Ол – көрерменнің жүрегінен орын алған сан алуан шығармашылық жобалардың авторы, өз ісінің шебері әрі шынайы өнер иесі. Ұжым арасында сыйлы, достары мен әріптестері үшін сенімді тірек бола білген Мұраттың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.
Сізге шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық, толағай табыстар мен зор денсаулық тілейміз. Әр жаңа күніңіз қуаныш пен жетістікке толы болсын!