30 қараша күні І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында, Қазақ еліне кеңінен танымал театр және кино актері Аян Өтепберген бастаған бір топ өнерлі жастардан құралған акустикалық FM спектакль-концерті өтті
Кеш форматы ерекше. Көрермендер бірде күліп, бірде қалың ойға шомылса, кей кездерде әртістермен бірге әнде шырқап, түрлі күй кешті. Рухани кештің соңында Тобыл-Торғай жұртшылығын ерекше күйге бөлей білген талант иелеріне Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлының атынан “Ықылас гүлі” табысталды. Еркін форматта өткен ерекше кешке көрермендер тік тұрып құрмет көрсетіп, қошеметтерін жаудырды.