Ұшқыр ой мен кестелі сөз сайысына кіл мықтылар қатыспақ. Осы доданың ашылуына бір дәуірдің шежіресіндей болған жыршы Қасымхан Алдабергенов атамыз да шақырту алып, дүлдүл ақындар ақсақалдың батасын алғылары келеді.
Бүгін облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев пен қызметкері Мұрат Нағашыбай ақсақалға сәлем бере барып, Астанадан жеткен сәлемдемені жеткізген еді.
Аллаға шүкір, атамыз әлі тың, айтыс оғландарына арнайы барып, батасын беруге әзір. Осы сәлемдемені жеткізген орталық ұжымына да ақ батасын беріп, қуанып қалды. Ақсақал алда өтетін аламан бәйгеге аттанып, сөз көрігін қыздырған айтыстың куәгері болмақшы.