Бүгін Мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, Қостанай облыстық Күйшілер одағы филиалының төрағасы Батырбек Байназаровты туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің өнер мен мәдениетімізге қосқан үлесіңіз баға жетпес. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға шаттық пен амандық, ал шығармашылығыңызға жаңа белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз. Әрқашан халқымыздың рухани мұрасын байыта беріңіз!