Құрметті Жаңылдық Алтайқызы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жұмыста толағай табыстар тілейміз. Әрбір күніңіз қуаныш пен бақытқа, жақсы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын. Сіздің игі істеріңіз бен еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, құрметке бөлене берсін. Отбасыңызға амандық, жаныңызға шаттық серік болсын! Жаңа жас қуаныш әкелсін, алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.
Ізгі ниетпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығы