
Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн, ұлттық мереке.
Бұл күн – біздің тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің символы. Тәуелсіздік – біздің асыл мұрамыз. Оны қорғау және дамыту – біздің ортақ міндетіміз.
Біздің күшіміз – бірлік пен ынтымақта.
Ұлттық мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт, денсаулық, отбасы амандығын тілейміз. Әр қолға алған ісіміз жемісін берсін. Еліміздің өркендеуіне үлесімізді қоса берейік.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай берсін!