Бүгін облыстық қазақ драма театрында абыз ақсақал Қасымхан Алдабергенұлының туған күніне арналған «Ғибратты ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті. Тоқсанның тоғызынан асқан қария жиналған қауымға батасын беріп, жыр-термелерін орындап берді. Құттықтап келген қауым ақ тілектерін жеткізді.