Ардақты ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыз бізге үлгі, орны бөлек. Өңірдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.
Сол еңбектің зейнетін көріп, өмірдің бар жақсылығына кенеле беріңіздер.
Сіздер келешек ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытып келесіздер. Сіздер салған сара жол жалғаса берсін.
Мереке құтты болсын!