
Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілген облыстық қазақ драма театры 2000 жылдың 14 қыркүйегінде ресми ашылған еді. Ең алғаш Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан" қойылымымен шымылдығын түрді. @omarov_teatry
Қара шаңырақ ұлттық рухани игіліктердің іргетасының шайқалмауына, имандылық-адамгершілік ұстанымдарының сақталуына ерен үлес қосып келеді.
Өнер ұжымына биік асуларды бағындырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы