Бар ғұмырын қасиетті өнер жолына бағыштаған қарт жауынгер Қасымхан Алдабергенов ақсақал бүгін 99 жасқа толып жатыр.
Ақсақалдың ғибратты ғұмыры тереңдігімен мәнді. Соғыстан кейінгі саналы ғұмырын сахнаға арнаған ардагер, ұлт руханиятына өшпес із қалдырған, тұла бойына өнер тұнған Қасымхан атаны туған күнімен құттықтаймыз!
Сан қырлы саңлақ, талай айтыста аламанға түсіп, өрелі өнер бәйгелерінде топ жарған адуынды ақын, абыз ақсақалдың ғибратты ғұмыры келер ұрпақ үшін өмірлік өнеге.
Әлі күнге дейін қолынан қаламы түскен емес. Тоқсанның тоғызына жеткен тау тұлғаны Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы құттықтайды. Ортамызда болыңыз Қасымхан ата! Деніңіз сау, Алла берген жасты жасай беріңіз.
