Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жерлесіміз Қабыл Тұрсынай қатысып, бүгін Қостанайға келді
Ол Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының құрамында Қостанай облысын қорғаған жалғыз спортшы.
Паралимпиада ойындарының бағдарламасында пара пауэрлифтинг бойынша 45 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында 95 кг нәтижемен Тұрсынай 6-орынды иеленді.
Спортшыны әуежайдан жерлестері, басшылық, өнерпаздар думандатып, ерекше ілтипатпен қарсы алды.