Облыстық халық шығармашылығы орталығы Римма Ғабдолқызы Ғайсенованы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Римма Ғабдолқызы еліміз үшін де, облысымыз үшін де көп еңбек еткен мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, білікті басшы. Бар ғұмырын мәдениет пен өнер саласына арнап, қалтықсыз қызмет етіп, туған өлкеміздің руханиятын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Осы еңбегі бағаланып, бүгінде жемісін көріп отырмыз.
Сіз басқарған мәдениет саласындағы жұмыс кезеңі облыстың мәдени өмірінің ең жарқын шақтарымен байланысты. Кәсібилігіңіз, ұлтқа деген адалдығыңыз қашанда бағалана бермек.
Деніңіз сау, төрт құбылаңыз түгел, отбасыңыз аман болсын. Жасай беріңіз!