Бүгін композитор, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Седов Геннадий Дмитриевич бақилық болды
Геннадий Дмитриевич бес жүзден астам ән жазған, көптеген жинақтар мен кітаптардың авторы, "Ивушка" хорының жетекшісі, меценаттар сыйлығының иегері, көптеген байқаулардың жеңімпазы еді. Өз өмірін музыкаға арнаған, өңірдің мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан азамат.
Өз ісінің нағыз шебері болды, оның музыкасы мен шығармашылығы көптеген адамдардың жүрегінен орын алған. Оның өнерге деген сүйіспеншілігі жадымызда мәңгі қалады. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.