10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанын күні. Ол 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.
Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге «Абай күні» ретінде ресми бекітілген еді.
«Абай күні» жай күн емес, руханият мерекесі. Дәл осы күні әрбір адам баласы Абайды терең тануға ұмтылуы керек.
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» хакім Абай ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған. Ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.