Облысымыздың ұлттық жобасына айналған «Күй шеруі» акциясы Тобыл-Торғай өңірін күймен тербеп, он бірінші маусымнан бастау алып, әр аудан, қалада өтті
Биыл қазақтың киелі 7 санын негізге алып, «жеті нота жеті күй» әр мекенді думанға бөледі. Облыс бойынша аталмыш акцияға әр жастағы, түрлі мамандық иелерінен құралған 3130 домбырашы қатысқан екен.
Соның 87-і өзге ұлт өкілі. Ал кешті 15 мыңға жуық көрермен тамашалаған. Бұл домбыраға деген құрметтің жылдан-жылға арта түсіп, төл өнерді төрге шығарып, бағасын көтере түскеніміз.
Бүгін өнер керуені Тобылдың жағалауында қорытындыланып, мерекелік кеш мәресіне де жетті. Бұл күн де қасиетті 7 санынына байланысты 7 шілдеде, кешкі сағат 7 де, домбырашылар 7 күйді күмбірлете төгілтті. Халық күйлерімен қоса атақты композиторлардың шығармалары да ойналды.
Таланттарды танытқан облысымыздың ұлттық жобасына айналған бастама жемісті болды. Мереке құтты болсын.