Қазақтың әнін әуелеткен, қазақтың жанын тербеткен Ұлттық домбыраның бағасы мен беделі биік. Жыл сайын дәстүрге айналған төл өнерге төр беріп домбыраға құрмет көрсетудеміз. Он бірінші маусым айынан бастап Облысымыздың аудандары мен қалалары Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» акциясы аясында домбыраны дәріптеп жеті күйді орындады. Облысымыздың ұлттық жобасына айналған «Күмбірле қоңыр домбыра» биылда жалғасын тауып таланттарды танытты.
Қостанай төрінде ұлттық домбыра күніне арналған көптеген іс-шарамыз жалғасын табуда.
Барша Қостанай жұртшылығын Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз. Қазақ сахнасында, қазақ өнері, қазақ өнерпаздары, қазақтың қасиетті домбырасы асқақтай берсін.
Ел байрағы биіктеп, елтаңбамыз еңселі болып, ән ұранымыз асқақтай берсін!
Жасай бер, ұлттық домбыра!