
Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде бой көтерген бас қала күллі қазақ жұртының мақтанышы. Аз уақытта ажарланған Астана бүгінде іскерлік ордаға айналды.
Елорданың мерекесі әрбірімізге қуаныш ұялатып, сенімді шыңдай түсуде.
Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!
Баршаңызды бас қаламыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсын! Бас қаламыз гүлдене берсін!