Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек ғана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!
🪕 Бүгін Ұлттық домбыра күні! Дәстүрлі «Топжарған-2024» XXXVІI-ші аудандық жазғы спартакиадасымен тұспа-тұс келіп жеткен - ұлықты күн!
⚜️ Қазақ өнерінің асыл діңгегі қасиетті қара домбыраның салтанат құрып,рухымыздың асқақтай жаңғырған күніне арналған –Домбырашылар шеруі, (100 домбырашы) Халық күйлері «Жастар», «Салкүрең», «Тепеңкөк, Нұрхан Ахметбековтің «Жеңіс», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым», Болат Әбеновтің «Желдірме», Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін нақышына келтіріп орындауымен бастау алды. Дирижер: Алмас Нұрлан.
⚜️ Іс-шара легі дәстүрлі «Топжарған-2024» XXXVІI-шы аудандық жазғы спартакиадасының ашылу салтанатымен жалғасын тапты.