#REPOST @culture_qamysty 2 шілдеде аудандық Мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай балаларға арналған іс-шара өтті. Шара барысында балалар домбыраның шығу тарихы туралы аңызбен, оның жасалу жолдарымен танысып, «Музыкалық аспаптар» тақырыбындағы викторинаға қатысты. АМҮ халық аспаптар ансамблінің жетекшісі Досбол Қашқымбаев кішкентай көрермендер үшін күйлер орындады. Іс-шара соңында домбыра туралы аңыз-фильм көрсетілді