Федоров ауданын ұлттық домбыра күнін мерекелеп, облыстық «Күй шеруі» акциясын ұйымдастырды
Аудан әкімі Исабаев Тауба Қайыржанұлы қатысып, баршаны құттықтады.
Орталық алаңға 140 домбырашы шығып, бірнеше күйді төгілтті. Осы күні аудандық спартакиада алауын жағып, спортшыларды қарсы алды.
Астана қаласынан арнайы келген мультинструменталист, сазсырнай аспабының кәсіби нұсқасының авторы, қазақ халқының көне және заманауи аспаптарын жасаушы шебер, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Жошы» этнофольклерлық ансамблінің жетекшісі Бақия Азамат Бейсенәліұлының концертімен кеш жалғасын тапты.