#REPOST @c_d_orbita 21 маусым “Ұлттық домбыра” күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті
Домбырашылар қазақтың танымал күйлерін орындап, Рудный жұртын таңғалдырды. Шараға 300-ден астам домбырашы қатысты. Атап өтсек «Алтын домбыра», «Аружан өнер мектебі»,
мектеп оқушылары мен Рудный музыкалық колледжінің студенттері.
Өнерпаздарды қала әкімінің орынбасары Сәкен Қоқышев құттықтап, алғысын білдірді.
«Бұл күнді тойлаудың маңызы зор, домбыра -қазақ халқының ұлттық рухын, мінезін, тарихын тұлғалау. Бұл іс-шара , дәстүр үшін маңызды», – деді Сәкен Қоқышев.
Облыстық халық шығармашылығы және кино бейне-қор орталығының басшысы Дәмір Қалқаев шараға жоғары деңгейде атсалысқан өнерпаздарға алғысын білдіріп, бұл күннің маңыздылығын атап өтті.