Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» акциясы Рудный қаласында жалғасын тапты
Кеншілер қаласының домбырашылары орталық алаңда күй орындап, концерт берді. Өнерпаздардың өнеріне тәнті болған қала халқы риза болды.
Қала әкімінің орынбасары Қоқышев Сәкен құттықтап, акцияға қатысып белсенділік танытқан, өз шеберлігін көрсеткен өнерпаздарға ризашылығын жеткізді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсасалысқан өнерпаздарға алғысын жеткізіп, бұл күннің маңызына тоқталды.



