Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» акциясы Бейімбет Майлин ауданында жалғасын тапты
Ауданының 100 домбырашыдан құрылған өнерпаздары орталық алаңда 7 күйді орындап, концерт берді.
Музей, кітапхана қызметкерлері Домбыра күніне арналған қызықты көрме ұйымдастырды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ыбраев құттықтап, акцияға қатысып белсенділік танытқан, өз шеберлігін көрсеткен өнерпаздарға ризашылығын жеткізді. Аудан әкімінің Алғыс хатымен Жітіқара ауданының, Лисаков қаласының домбырашыларын марпаттады.
Ауыл ақсақалы Кенжебек Ерғалиұлы жиналған халыққа ақ батасын берді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Айбек Балтабаев пен Танатқан Жүрсінді Алғыс хатпен марапаттап, еңбектерін еледі.








