Лисаков қаласында домбыра күніне арналған ауқымды акция ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға Жітіқара қаласынан, Бейімбет Майлин ауданы мен Лисаков қаласынан 100-ге жуық домбырашы қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Саят Шаймұрынов құттықтап, 4 жас домбырашы мен ұжым жетекшілерін алғыс хатпен марапаттады. Қолдау білдірген өнерпаздарға мәдениет бөлімі басшылары алғыстарын білдірді.
Концерттік бағдарлама көпшілікке көңіл-күй сыйлап, ақсақалдар ақ батасын беріп, аналар шашу шашты.



