
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметті бүгінгі туған күнімен құттықтап, ақ тілегімізді арнаймыз.
Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзақ, көрер қуанышыңыз мол болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болғай.
Жазарыңыз көп болсын. Елге береріңіз таусылмасын. Жасай беріңіз. Биіктерден көрініп, асулардан аса беріңіз.
Шығырмашылық табыс, қаламыңыз ұштала берсін!