#REPOST @katpaevruslan «Күмбірле домбыра» атты домбырашылар акциясы өтті. Шараға Жітіқара, Қамысты және Денисов аудандарынан 50 домбырашы қатысты. Музыканттар дәстүрлі күйлер мен халық әуендерін орындап, мерекенің атмосферасын домбыраның ғажайып үнімен толтырды. Бұл іс-шара қазақ мәдениетінің нағыз мерекесіне айналып, үш ауданнан келген таланттарды және ұлттық музыка сүйер қауымды біріктірді