Домбыра күні қарсанында ұйымдастырылып отырған «Күй шеруі» акциясы Әулиекөл ауданында жалғасын тапты
Аудан орталығындағы алаңға бір мезетте 300 домбырашы домбыра үлгісінде жайғасып, 7 күйді күмбірлете орындады. Олар ауданға қарасты 7 ауылдық округтан келіп, үлестерін қосуда.
Алғашқы құттықтау сөзді, аудан ақсақалы Жақсылықов Тұңғышбай ата алып, баршаға ақ батасын берді.
Іс-шараның өтуіне атсалысқан өнерпаздар мен домбырашыларды дайындаған жетекшілерді облыстық халық шығармашылығы атынан марапаттап, еңбектері еленді.



