Ұлттық рухты асқақтату мақсатында Науырзым ауданында Домбыра күні шеңберінде «Күй шеруі» акциясы өтті
Акцияға ауданның 100 домбырашысы қатысты.
Біздің заманымызға қазақ халқының ән — күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қойған.
Әлдилeгeн әнiнeн күмбipлeгeн күйiнe дeйiн тұнып тұpғaн ұлттық сана-сезім бoяуы ciңгeн өнep құдipeтi, көнe acпaп – дoмбыpa. Домбырашыларды аудан әкімінің орынбасары Ысқақов Э. Ж. қарсы алып құттықтау сөздерін жеткізді. Сонымен қатар, іс шараға аудан әкімі Ихтиляпов М. Ө., аудандық мәслихатының төрайымы, "Аманат" партиясының аудандық филиалының төрайымы, ардагерлер Кеңесінің төрағасы, ауданның зиялы қауымы қатысты