Елімізде жыл сайын Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Осыған орай іс-шаралар легі біздің облыста басталып та кетті
Бүгін Меңдіқара ауданындағы орталық алаңда алты ауылдық окрукгтен жиналған домбырашылар бір мезетте 7 күйді күмбірлете ойнады.
Аудан әкімі Ғабит Бекбаев қолына домбыра алып, өзі бірге отырып, күйге қосылды. Іс-шараның мақсаты — домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Қазақстан Президенті домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра саналатынын және рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы екенін атап өткен болатын. Сондықтан, бұл ұлттық өнерді кеңірек насихаттау өз қолымызда.