Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.
Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!