#REPOST @aigulkossanova 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.
Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. Оның 20 мыңы атылды.
Жақында ұлт ұстазы, Алашорданың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған “Соңғы үкім” атты тарихи танымдық фильм үлкен экран арқылы көрерменге жол тартты. @songy_ukim_film
Алаштың ұлт көсемін насихаттауға, дәріптеуге бағытталған туындының саундтрекін айту мәртебесі маған бұйырған екен.
Еліміздің барлық кинотеатрларынан “Соңғы үкім” фильмін көруге шақырамын.