Бүгін әріптесіміз Гүлнар Сәрсенбайқызының туған күні!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ізгі тілегімізді жолдаймыз!
Өңірдің мәдени саласын дамытып,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының жұмысын жандандырып, еселі еңбек етіп
жүрген жігерлі де жауапты жансыз. Сіз білікті маман, ақжүрек ана, мейірімді әжесіз.
Еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беріңіз.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!